$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.06.2021, 17:06
Қоғам

Вакцинадан кейін аяқ-қолы тартылып қала беретін алматылық акушерге қатысты тексеру аяқталды

Кейінірек зардап шегушінің перинатология және балалар кардиохирургия орталығының акушері екені анықталды

Вакцинадан кейін аяқ-қолы тартылып қала беретін алматылық акушерге қатысты тексеру аяқталды
скриншот: видео

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейін аяқ-қолы тартылып қала беретін тұрғынға қатысты пікір білдірді.

«Аталған науқас қызға қатысты негізгі комиссия жұмысын аяқтады. Оның жағдайы мен вакцинация арасында тікелей байланыс жоқ. Комиссия оның жағдайын қорқу реакциясы ретінде бағалады. Деректердің толық қорытындысын күтеміз. Ол үйінде ата-анасының бақылауында», - деп жауап берді басқарма басшысы.

Еске салайық, 26 мамырда танымал блогер Дәулет Мұқаев (dauletten) алматылық тұрғынның «Спутник V» вакцинасын салдырғаннан кейін қиын жағдайға ұшырағаны жайлы видео жариялады.

Видеода ауыр халде жатқан тұрғынның бет-аузы, аяқ-қолы қайта-қайта тартылып, жүрегі дүрсілдеп соғатыны айтылған. Және бұл жағдай осымен бірнеше рет қайталанған.

«Үшінші рет қайталанып жатыр. Коронавирустан қорғайды, иммунитет қалыптасады дегені осы ма?! Бет-аузы, аяқ-қолы тартылып, жүрегі тарсылдап соғады. Вакцина алу-алмау әркімнің өз еркі дейді, бірақ алмасаң жұмыстан шық деп мәжбүрлейді. Адам өмірінің құны қалмаған ба? Шақырған жедел жәрдем 30 минутта әрең жетеді», - дейді видео авторы және науқастың құрбысы.

Осыған қатысты Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жауап беріп, конвульсиялық синдроммен №7 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөліміне түскен А. Есімді науқасқа қатысты жағдай зерттеліп жатқанын айтты. Сондай-ақ ауыр халдегі тұрғынның коронавирус вакцинасымен байланысы бар-жоғын анықтау үшін арнайы жұмыс тобы құрылған.

Кейінірек оның перинатология және балалар кардиохирургия орталығының акушері екені анықталды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы #вакцина