ШұғылҚазақстанда пандемия басталғалы коронавируспен ауырғандар саны 865 мыңға жуықтады

Мас жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады - ІІМ

Мас жүргізушіні көлік басқару құқығынан айыру мерзімі 7 жылға ұзартылды

көрнекі фото

2019 жылы Мемлекет басшысы көлік құралын мас күйде басқарғаны үшін жауапкершілікті күшейту туралы тапсырма берді. Тиісті заң 2020 жылдың 11 қаңтарында күшіне енді. Қабылданған заң ережелері бойынша мас күйде көлік жүргізгені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік күшейтілді.

Биыл мас күйде болған жүргізушілердің кесірінен 31 адам қаза тапты. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Асқар Тәженов мәлім етті.

«Биыл 5 айда республика жолдарында мас күйдегі жүргізушілердің кінәсінен 149 жол-көлік оқиғасы тіркелді. 208 адам жарақаттанып, 31 адам қаза тапты», - деді Асқар Тәженов.

ІІМ өкілінің айтуынша, бүгінде Қазақстанда көлік құралын жүргізу құқығынан айыру мерзімі айтарлықтай ұзартылды. Мәселен, бұған дейін көлікті мас күйде жүргізген азамат бірінші рет ұсталғанда 3 жылға көлік басқару құқығынан айырылатын. Ендігі уақытта бұл мерзім 7 жылға ұзартылды. Оған қоса әкімшілік тұтқынға алу енгізілді.

«Ендігі уақытта мас жүргізуші алғаш рет ұсталса да көлік жүргізу құқығынан айырылып қана қоймай, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады», - деді Асқар Тәженов.