$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.06.2021, 00:37
Қоғам

Семейдегі медуниверситет студенттері хакер болып шықты

Олар ақпараттық жүйені бұзған

Семейдегі медуниверситет студенттері хакер болып шықты
Фото ашық дереккөзден

Семейде болашақ дәрігерлер хакер болып шықты деп хабарлайды КТК телеарнасы. Медицина университетінің III курс студенттері тест жауабы сақталған ақпараттық жүйені бұзып, дұрыс жауаптарды ұрлаған. Тіпті қолға түскен сұрақ-жауаптарды өзгелерге сатып пайда тауыпты.

Қазір университеттің ақпараттық базасын бұзды деген күдікке 7 студент ілікті. Олар оқу орнының қабырғасында жалпы медицина мамандығы бойынша білім алуда.

Үшінші курс студенттері жазғы сынақтан сүрінбей өту үшін сұрақтардың жауабы сақталған ақпараттық жүйені бұзған. Дұрыс жауаптарды қолға түсіріп, жоғары бағаға тапсырған. Бәрінің бірдей бес алуы ұстаздардың күдігін тудырған. Тексере келе құпия базаның бұзылғаны анықталды.

Бүгінде күдікке ілінген студенттердің кейбіреуі кінәсін мойындады. Олармен бірге оқитын үшінші курс студенттері сынақты екінші рет тапсыруға міндеттелді. Хакерлік шабуылға ұшыраған ақпараттық жүйе қалыпына келтіріліп, полиция қазір тексеріс жүргізуде.

Серіктес жаңалықтары