$ 504.44  545.65  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.06.2021, 15:37
Қоғам

Қазақстанда балалар үйінің саны қысқарды

Балалар үйінде тәрбиеленушілердің саны 32%-ға қысқарған

Қазақстанда балалар үйінің саны қысқарды
көрнекі фото

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов соңғы үш жылда Қазақстанда балалар үйінде тәрбиеленушілердің саны 32%-ға (6223-тен 4254-ке дейін), ал балалар үйі 30%-ке (138-ден 96-ға дейін) қысқарғанын айтып жеткізді.

Министрдің айтуынша, бала асырап алушы ата-аналар мектептері жұмысының нәтижесінде балалар үйлеріне қайтарылған жеткіншектердің де саны азайған.

«Республикада 23 063 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар, олардың 81,5%-і асырап алушы отбасыларда тәрбиеленіп жатыр», – деді министр Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында.

Бұған дейін Azattyq Rýhy тілшісі Қазақстандағы жетімдер үйі мен бала асырап алу талаптары, бала асырап алған ата-аналарға берілетін қаржылай көмек туралы жазған еді.

Серіктес жаңалықтары