28.05.2021, 09:57
Қоғам
Коронавирус матрицасы: «қызыл» аймақтағы өңірлердің саны азайды
Атырау облысы «сары» аймаққа өтті
Коллаж
Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.
28 мамырдағы жағдай бойынша «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола,Қарағанды облыстары тұр.
«Сары» аймақта: Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.
Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 30 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 11 432 пациент стационарда, 18 721 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 665 адамның жағдайы ауыр,
- 154 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 101 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты