Қазақстанда полиэтилен пакеттерді сатуға кезең-кезеңімен тыйым салынады

Бұдан былай ірі сауда орындары полиэтилен пакеттерді пайдаланғаны үшін ақы төлейді. MAGNUM, KENMART, SMALL және АНВАР секілді сауда желілері бұл бастаманы қолдап отыр.

Қазақстанда полиэтилен пакеттерді сатуға кезең-кезеңімен тыйым салынады

Бүгін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы полиэтилен пакеттерді пайдаланғаны үшін ақы төлеуді енгізу жөнінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қазақстанда күн сайын 15 млн данаға жуық түрлі қалыңдықтағы полиэтилен пакеттер пайдаланады.  Олар қоқыс контейнерлеріне түседі. Мәселен, полигондағы тұрмыстық қатты қалдықтардың 11,2%-і полиэтилен пакеттер мен полимерлерден (пластмасса) тұрады.

 «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысқан Қазақстан азаматтары, еріктілер де көтеріп отыр. «Белсенділер экологияға қайтып орнына келмейтін зардап әкеліп жатқан полиэтилен пакеттер айналымын азайту үшін осыған ұқсас тетіктерді енгізу қажеттігін бірнеше мәрте айтқан еді. Сондықтан бұл меморандум осы мақсат жолындағы алғашқы қадамның бірі болмақ», - деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев. 

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, полиэтилен пакеттерді пайдалануға ақы төлеуді енгізу оларды қолдануды 30%-ке дейін азайтады. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстанда полиэтилен пакеттерді өндіруге кезең-кезеңмен тыйым салу, полиэтилен пакеттерді тегін таратудан бас тартуды қолға алмақ.  Ал 2025 жылдан бастап, полиэтилен пакеттерді өндіруге толық тыйым салу қажет деп санайды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.