$ 524.75  540.6  5.12
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.12.2019, 04:41
Қоғам

Биыл Қазақстандықтарға 95 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

Осы жылдың басынан бері КПД қызметкерлері әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 50 041 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты

Биыл Қазақстандықтарға 95 млн теңгеге жуық айыппұл салынды
Фото: ашық дереккөзден

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 95 млн теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«9-13 желтоқсан аралығында ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсететін учаскелерінде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шара өткізілуде. Іс-шараның 3 күні ішінде 18 қылмыстық құқық бұзушылық фактісі тіркелді, оның 13-і кезекші тәулікте ашылды. Сондай-ақ, бұрын жасалған 4 қылмыс ашылды. Көлік полицейлері іздеуде жүрген 8 қылмыскерді ұстады, соның ішінде ТМД елдерінің құқық қорғау органдары үшін – 3, ҚР аумақтық ПО үшін – 4 адам анықталды», – деп мәлімдеді департаменттің әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жасұлан Байкенов.

10 желтоқсанда Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Ресей Федерациясы ҚК 158-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін 47 жастағы Ресей азаматшасын ұстады. Ол іздестіру бастамашысына берілді.

Сондай-ақ, әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 195 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін 6 адам ұсталды.

Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 21 шетелдік ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 2-еуі алыс шетелден (Конго Республикасы және Германия) келген.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың басынан бері КПД қызметкерлері әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 50 041 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты, оларға 94 млн 969 626 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ҚР ІІМ #айыппұл