ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 115 адамнан коронавирус анықталды

Жамбыл облысында білім бөлімінің қызметкері парамен ұсталды

Ол ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға қорғаншылық белгілеу және оны одан әрі асырап алу туралы мәселені шешу үшін 350 мың теңге пара алған

Фото: ашық дереккөзден

Мемлекеттік органдардың ішінде сыбайлас жемқорлық әлеуметтік көмек көрсету және мемлекеттік бақылау салаларында кеңінен тараған, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап.

Мысалы, 2019 жылы Жамбыл облысында аталған әлеуметтік көмек көрсету саласында сыбайлас жемқорлық сипатында 5 қылмыс тіркелген. 2018 жылы оның саны 4 еді. 

«Аталған салаларда шенеуніктер тарапынан тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу, лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану, пара алу сияқты қылмыстары кеңінен таралған», - делінген департамент таратқан ақпаратта. 

Биыл департамент ҚР ҚК-нің 366 бабының 1-бөлімі бойынша Жамбыл ауданы әкімдігінің Көлқайнар ауылдық округі әкімдігінің лауазымды тұлғалары атаулы әлеуметтік көмек алуға мұқтаж емес тұлғаларға белгілі бір сыйақыға жалған құжат жасаған деректерін анықталған. Қазіргі кезде кешенді сот-сараптама тағайындалып, жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Сондай-ақ, Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Н. Бижанов Д. Ахметова және Г. Салиевадан жалпы сомасы 199 500 теңге (атаулы әлеуметтік көмектің 1 айлық сомасы, сәйкесінше, 103 000 мың және 96 000 мың теңге) пара алған жерінен ұсталған. Ол екі әйелге 2019 жылғы қазан-желтоқсан айларында атаулы әлеуметтік көмек алуға көмек көрсеткен. Аталған қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында департамент қызметкерлері 350 000 теңге көлемінде пара алған «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімі» КММ бас маманы, аудандық қорғаншылық және қамқоршылық кеңесінің хатшысы М. Мауытбаевты ұстады. Ол ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға қорғаншылық белгілеу және оны одан әрі асырап алу туралы мәселені оң шешуге жәрдем көрсеткен. Енді күдіктіге Т. Рысқұлов аудандық соты 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.