ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте КВИ жұқтырғандар саны күрт өсті

Ақмола облысында түнде адасып кеткен егіздер отбасына оралды

Түсте ойнауға шыққан балалар кеш батқанын байқамай қалған

фото: Ақмола облысы ПД

20 мамырда Аршалы аудандық полиция бөліміне Аршалы кенті, 20-үй 8-пәтердің 42 жастағы тұрғынынан кешкі сағат 21:30-да үйіне келгенде кәмелетке толмаған егіз ұлдарының жоқтығын анықтағаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Сондай-ақ үйде тұрған қармақтың да жоқтығын байқаған.

Шұғыл түрде іздеуге кіріскен полиция өкілдері бір сағаттан кейін түнде адасып кеткен 12 жастағы ұл балаларды тапты. Кәмелетке толмағандар 20 мамыр сағат 13:30 шамасында көшеге ойнауға шығып, қараңғы түскенін байқамағанын айтты. Олар сағат тілі 22:00-ді көрсеткенде ғана үйге қайту керектігін түсінген.

Алдағы уақытта осындай фактілерге жол бермеу туралы егіздердің отбасы мүшелерімен профилактикалық әңгіме өткізілді.