$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.05.2021, 19:04
Қоғам

Психологиялық-филологиялық сараптама қажет: судья Мамай мен Иманбайға қатысты сотты уақытша тоқтатты

Процесс сараптама қорытындысы шыққаннан кейін жалғасады

Психологиялық-филологиялық сараптама қажет: судья Мамай мен Иманбайға қатысты сотты уақытша тоқтатты

Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің белсенді Жанболат Мамай мен оның әйелі Инга Иманбайға қарсы түсірген талап-арызы бойынша соталды дайындығы өтті. Соттасуға ерлі-зайыптылардың Б.Байбекке қатысты жариялаған бірнеше видеоматериалы себеп болған.

Алматы қаласы Әуезов аудандық №2 сотында тіркелген азаматтық іс уақытша тоқтатылды. Судья Райхан Сәрсенбаева аталған видеоматериалдарды психологиялық-филологиялық сараптамадан өткізгеннен кейін процесс қайта жалғасатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, Жанболат Мамай мен Инга Иманбайды қорғауға бүгінгі отырысқа үш заңгер қатысты. Олар процесс басталмастан бұрын онлайн байланыстың сапасына шағымданған. Алайда, Б.Байбектің мүддесін қорғаған заңгер Айжан Тәшенова мұны істі созбалақтау деп бағалады.

«Бізге бәрі жақсы естіліп тұр. Қазір ғана біз олардың пікірін еш кедергісіз тыңдадық. Жауап берушілер сот процесін созу үшін барын салып жатыр», - деді А.Тәшенова.

Мұнан кейін судья Райхан Сартаева жауап беруші тараптың арызданушы тараппен жүргізілген психологиялық-филологиялық сараптама нәтижесіне қатысты пікірін білмек болды. Аталған құжат сот ісіне тіркелген. Мамай мен Иманбайдың қорғаушылары сараптама қорытындысымен келіспейтінін, сарапшы ретінде Рахиля Қарымсақованы тартуды сұрады. «Ол Ресей Федерациясында да беделге ие» деді Мамайдың заңгері.

Судья психологиялық-филологиялық сараптаманы қайта өткізуге шешім қабылдайтынын, ал сарапшылар құрамын Алматыдағы Сот сараптамасы институты бекітетінін мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін белсенді Жанболат Мамай мен оның әйелі Инга Иманбай интернетте Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті айыптаған видеоматериалдар жариялаған болатын. Байбек мұның жала екенін айтып, өзінің ар-намысын заң аясында қорғайтынын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары