$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.05.2021, 16:18
Қоғам

«Вакцинадан көз жұмды деуге әлі ерте». Басқарма өкілі екі алматылықтың өлімі жайлы айтты

Тексеру қорытындысы маусым айында дайын болмақ

«Вакцинадан көз жұмды деуге әлі ерте». Басқарма өкілі екі алматылықтың өлімі жайлы айтты
көрнекі фото: Алматыдағы №4 перзентхана

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Лаура Мырзағали «вакцинадан көз жұмды» делінген екі адамға қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Басқарма өкілі олардың өліміне вакцина әсер етті деп кесіп айтуға әлі ерте екенін жеткізді.

«Тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар вакцинадан көз жұмды деп айтуға әлі ерте. Тексеру қорытындысы маусым айында дайын болуы керек. Себебін сол кезде айтамыз», - деді ол.

Еске сала кетейік, 7 сәуірде әлеуметтік желіде Алматыдағы №4 перзентхана қызметкерінің вакцинациядан кейін көз жұмғаны жайлы хабар тарады.

Сондай-ақ 6 мамырда 42 жастағы алматылықтың вакцинаның ІІ компонентін алған соң қайтыс болғаны жайлы ақпарат тарады.

Серіктес жаңалықтары