$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.05.2021, 23:12
Қоғам

Елордада 100-ге жуық адамға ауызашар өткізген мейрамхана анықталды

Тағы бірқатар кәсіпкерлік нысан иелері жауапкершілікке тартылды

Елордада 100-ге жуық адамға ауызашар өткізген мейрамхана анықталды
Фото: astana.gov.kz

Елордадағы мониторинг топтар карантин режимін сақтау тұрғысынан кәсіпкерлік нысандарда тексеру жүргізіп келеді. Ескерту беріліп, жауапкершілікке тартылғанына қарамастан қаланың кейбір мекемелері карантиндік шектеулерді жүйелі түрде бұзуда, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мерекелік демалыс күндерінің бірінде карантиндік тыйымдарға қарамастан Сарыарқа ауданында орналасқан «Гауһартас» мейрамханасында 100-ге жуық адамға арнап ауызашар өткізілді.

Сол сияқты 9 мамыр күні тағы бес мекеме карантин талаптарын бұзғаны анықталды.

Сонымен, Ashyq жобасына қатысатын Line Brew мейрамханасы тыйым салынғанына қарамастан түн ортасынан кейін де жұмыс істеген.

Сондай-ақ, елорданың санитар дәрігерінің қаулысын бұзғаны үшін «Палау орталығы» асханасы, «Базилик» және «Паначи» мейрамханалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл мекемелер демалыс күні де тоқтаусыз жұмыс істеді. Демалыс күні жұмыс істеу санитар дәрігердің қаулысы бойынша рұқсат етілмеген. Карантин режимі сол сияқты Yamato ойын клубында да бұзылды.

Алматы ауданында «Тапчан» және «Белес» кафелері жұмыс режимін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Демалыс күндері анықталған бұзушылықтар бойынша материалдар тиісті шаралар қабылдау және кәсіпкерлерді жауапкершілікке тарту үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша екі айдан бері «қызыл» аймақта тұр. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз болып отыр.

Серіктес жаңалықтары