Мамыр айында Nur Otan алаңында министрлер мен вице-министрлер қоғамдық қабылдау өткізеді
Соңғы 5 жылда партияға 1,2 млн адам жүгінген, 92%-ның мәселесі оң шешілді

Карантиндік шектеулерді ескере отырып, министрліктер мен ведомстволардың басшылары «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық бөлмесінде азаматтарды жеке қабылдауын онлайн форматта өткізеді.
Сонымен, 5 мамырда азаматтарды қабылдауды Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил, 12 мамырда - Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, 14 мамырда - Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев, 18 мамырда - Әділет министрі Марат Бекетаев, 19 мамырда - Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, 21 мамырда - Ұлттық экономика вице-министрі Әлібек Қуантыров, 26 мамырда - Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек, 28 мамырда Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов азаматтарды қабылдайды.
Кездесуге жазылу үшін:
- Call-орталық: 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін);
- WhatsApp: 8 700 800 4441;
- komek@nurotan.kz
Айта кету керек, өткен жылы «Nur Otan» партиясына бүкіл ел бойынша 393,2 мыңнан астам өтініш түскен. Сонымен қатар, соңғы 5 жыл ішінде партияға 1,2 миллион адам жүгінді, оның ішінде 423 мыңнан астамы - онлайн форматта. Оның 92% оң шешімін тапты, ақысыз консультациялар, заңдық және басқа да көмек көрсетілді.
Талдау көрсеткендей, халықты негізінен әлеуметтік қамсыздандыру - 30%, ТКШ - 16%, тұрғын үй - 15%, еңбек даулары - 14%, құрылыс - 9%, білім беру - 9%, медициналық қызмет - 7% мәселелері алаңдатады.
«Халыққа көмек» жобасы аясында Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде заңгерлермен, адвокаттармен, медиаторлармен және нотариустармен ақысыз консультативті онлайн кездесулер ұйымдастырылды. Оған төменде көрсетілген телефон нөмірлері арқылы жазылуға болады.