26.04.2021, 09:23
Қоғам
Министр Алексей Цой тікелей эфирде вакцина қабылдады
Бүгіннен бастап отандық QazVac вакцинасы тұрғындарға қолжетімді болады
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы отандық QazVac вакцинасын қабылдады. Егу процесі тікелей эфирде көрсетілді.
Бұған дейін министрліктің баспасөз қызметі атап өткендей, отандық вакцинамен алғашқылардың бірі болып Алексей Цой егіледі. Ал, бүгіннен бастап бүкіл қазақстандықтар аталған вакцинаны қабылдай бастайды.
Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бүгін қалаға 6 мың доза отандық вакцина жеткізілгенін хабарлады. Екпені тұрғындар емханалардан бөлек ойын-сауда орталықтарында да қабылдай алады.
Көп оқылған
24.08.2026, 10:09
Қызылордада қылмыс өршіп тұр: соңғы екі жылда мемлекетке 66,5 млрд теңге залал келген
24.08.2026, 15:38
ШҚО-да ер адам туған қызын 6 жасынан бастап зорлады деген күдікке ілінді
24.08.2026, 11:48
Түркістан облысында бетперде таққан бірнеше адам тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған
24.08.2026, 11:40
Ағасы мен қарындасының жанжалы үйдің өртенуімен аяқталды (ВИДЕО)