ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 6797 адамнан коронавирус анықталды

«Премьер-министрмен сөйлестім»: Сағынтаев короновирустан құтылудың жолын айтты

Алматыда ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін 900 мың доза вакцина қажет

Бақытжан Сағынтаев, фото: ашық дереккөзден

Алматыда эпидемиологиялық ахуал өте күрделі. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың ойынша, бұл вирустан құтылу оңай емес. Қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолы - вирусқа қарсы жаппай екпе салдыру.  

«Міне, бір жылдан асты. Қаланы карантинге де жаптық. Вирус біресе өршиді, біресе төмендейді. Түбегейлі шешіліп жатқан толық нәтиже жоқ. Вирус жаңа штамм түрлерінің келуімен қайта өршиді. Менің ойымша, бұл вирустан құтылмаймыз. Мамандардың айтуынша, бұрынғы өмірге оралудың тиімді жолы - екпе алу. Келер жылы вирусттың басқа штамы шығуы мүмкін. Бір жылдан асты, кетпейді. Үрейленбей, қауесетке ермей, екпе қабылдауымыз керек», - деді қала әкімі. 

Қазір Алматы ауруханаларында 2945 адам ем қабылдап жатыр. Қалада төсек-орын жеткілікті. Жағдайы аса ауыр науқастар саны - 52, 2362 науқастың жағдайы орташа ауыр. Алматыдағы төсек-орындардың жартысынан көбі науқастарға толған.

«Қаладағы эпидемиологиялық жағдайға келер болсақ, жағдай күрделі. Онлайн брифинг өткізген әкімнің мәліметі бойынша, күнделікті өсім байқалады. Өткен тәулікте 595 адамнан коронавирус анықталды. Оның 497 симптомды, 98 симптомсыз. Алматыдан жаңа штамм түрлері тіркелді. Бұл ауру санының өсіміне әкеліп отыр.  

Қалада вирус жұқтырғандарды қабылдайтын 7011 төсек-орын әзірленген. Олар 1, 2 және 3-эшелонға бөлінген. Бірінші және екінші эшелон бойынша ауыр жағдайдағы науқастарды қабылдаймыз. Қазір 7 мың төсек-орынның 5 430 төсек-орны іске қосылған және оның 51 пайызы толды», - деді Сағынтаев.

Сағынтаевтың айтуынша, вирусты облыс аумағынан жұқтырып әкеліп жатқандар да көп. Өйткені, қаладағы сауда орталықтары жабылғанмен, «Алтын-Орда» базары ашық. Оған қаладан да, облыстан да адамдар өте көп барады. Қалалықтардың дені қала іргесінде «Апорт» сауда орталығынан жұқырып әкеліп жатыр.

«29 наруызда қала іргесіндегі «Апорт» жабылды. Кеше бұл мәселе Презтденттің төрағалығымен өткен  жиында да көтерілді. Біздің бас дәрігерлер әіптестерімен байланыста. Вирус жұқтырғандардың 56 пайызы облыстан келеді. Күніне облыстан 300-500 мыңға дейін адам келеді», - деді қала басшысы.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалаға вакцина жеткізу жоспары туралы да хабарлады. Айтуынша, ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін 900 мың доза вакцина қажет.

«Біз вакцинацияны бастаймыз. Кеше қалаға 21 850 доза вакцина жеткізілді. Бүгін таңертең біздің барлық клиникда жұмыс басталды. Жалпы, бізге бастапқыда квота бойынша 65 мың доза берілді. Мен Премьер-министрмен сөйлестім және халықтың тығыздығы мен жағдайды ескере отырып, бізге кем дегенде 100 мың доза қажет екенін айттым. Кеше Мемлекет басшысымен өткен кездесуден кейін Үкімет басшысымен тағы бірнеше рет келіссөз жүргіздік, ол Денсаулық сақтау министріне үш ай ішінде ай сайын Алматыға 250 мың доза квота бөлуді тапсырғанын айтты. Бұл сәуір, мамыр, маусым айлары үшін», - деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы