$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.03.2021, 09:45
Қоғам

Қаңтар-ақпан айларында 649 мыңнан астам адам әлеуметтік көмек алды

Бұл мақсатқа бюджеттен 122,8 млрд теңге бөлінді

Қаңтар-ақпан айларында 649 мыңнан астам адам әлеуметтік көмек алды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда осы жылдың қаңтар-ақпан айларында 649 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 128,8 мың отбасындағы 649 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. Бұл мақсатқа бюджеттен 122,8 млрд. теңге бөлінді.

АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Бұдан басқа, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен (бұдан әрі – әлеуметтік топтама) қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.

2021 жылғы 1 наурызға АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 154,3 мың бала азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, 106,4 мың отбасындағы 524,3 мыңнан астам қазақстандыққа 2021 жылғы I тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік инстанцияға жүгінбей-ақ автоматты түрде ұзартылды.

АӘК алушыларға бұдан бұрын, 2020 жылғы II,III және IV тоқсанда ТЖ режимі мен карантиндік шектеу шараларының қолданылуына байланысты көмек тағайындауға өтініш ұзартылды.

Серіктес жаңалықтары