25.03.2021, 12:28
Қоғам
Алматыда ұшақ апатынан зардап шеккен 2 адам есін жиды
Дәрігер олардың жағдайын «ауыр, бірақ тұрақты» деп бағалады
Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Сағи Бейсенбеков 13 наурызда болған әскери ұшақ апатынан зардап шеккен Ұлттық қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің қазіргі жағдайы туралы айтты.
«Ұшақ апатынан зардап шеккен екі азаматтың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Реанимация жағдайында бақылауда. Екеуі де есін жиды», - деді бас дәрігер.
Еске сала кетейік, 13 наурызда Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы АН-26 әскери ұшағы радардан жоғалып кетіп, Алматы әуежайы маңында апатқа ұшырады. Апат салдарынан 4 адам қаза тауып, екі адам №4 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді.
Ұшақ апаты болған күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әуе апатының себептерін анықтауды тапсырды.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды