$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.09.2019, 10:10
Қоғам

ЕЭО-ға мүше елдер арасындағы ең бақыттысы - Қазақстан

Рейтинг бойынша ең бақытсыз елдер қатарына Оңтүстік Судан, Орталық Африка Республикасы, Ауғанстан халқы кіреді екен

ЕЭО-ға мүше елдер арасындағы ең бақыттысы - Қазақстан
фото: almaty.tv

World Happiness Report халықаралық зерттеу жобасы әдеттегідей бақытты елдердің рейтингін жасады. Рейтинг басында өткен жылдағыдай Финляндия тұр. Үздік бестіктің қатарына финдерден бөлек Дания, Норвегия, Исландия и Нидерланд елдері кіреді екен. Рейтинг 156 елдің арасында жасалған.

Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша тура 60 орында, 59 орында Гондурас (59), 61 орында Боливия мемлекеттері. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің бәрі бұл рейтинг бойынша Қазақстаннан кейін тұр: 68 орында - Ресей, 81 орында - Беларусь, 86 орында - Қырғызстан, 116 орында – Армения.

Рейтинг бойынша ең бақытсыз елдер қатарына Оңтүстік Судан, Орталық Африка Республикасы, Ауғанстан халқы кіреді екен. Рейтинг критерийі ретінде адамдардың амандығы, жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіші, өмір сүру ұзақтығы, азаматтық бостандық, ертеңгі күнге қауіпсіздік пен сенімділік, отбасындағы тұрақтылық, тұрақты жұмыс, жемқорлық деңгейі және қоғамдағы жомарттық, қайырымдылық, өзара сенім сияқты жанама көрсеткіштер кірген. Зерттеу жұмыстары осы көрсеткіштерден бөлек ел тұрғындары арасында сауалнама жүргізумен анықталады.

Статистика комитеті Қазақстанда жыл сайын «өмір сапасы» туралы анкета толтырып, халық арасында сауалнама жүргізеді. Нәтижесінде сауалнамаға қатысқандардың 60 пайызы өмірі қанағаттандыратынын айтқан. Өміріне көңілі толатындар арасында қалалықтарға (54,4%) қарағанда елді мекендерде тұратындар (69,3%) көбірек, әйелдерге қарағанда (58,5%) ер адамдардың (61,8%) көңілі тоқ екен.

Серіктес жаңалықтары