19.03.2021, 11:13
Қоғам
Мысырдан келген төрт жолаушыдан коронавирус анықталды
18 наурызда 357 Қазақстан азаматы ПТР-анықтамасыз келді
көрнекі сурет
18 наурызда Қазақстан аумағына Германия, Франция, Мальдив, Кипр, БАӘ, Мысыр, Иран, Түркия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина және Қырғызстан елдерінен 34 халықаралық әуе рейсімен 3 771 жолаушы келді. Олардың ішінде 3 414 жолаушыда теріс нәтижесі көрсетілген ПТР-анықтама болса, қалған 357 ҚР азаматында тиісті анықтама болмаған.
- Алматы әуежайына – 19 рейс (1 932 жолаушы, анықтамамен – 1 803, анықтамасыз – 129);
- Нұр-Сұлтан әуежайына – 9 рейс (1 200 жолаушы, анықтамамен – 972, анықтамасыз – 228);
- Шымкент әуежайына – 5 рейс (барлық 490 жолаушы анықтамамен келген);
- Ақтау әуежайына – 1 рейс (барлық 149 жолаушы анықтамамен келген).
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
Сондай-ақ 17 наурызда шетелден анықтамасыз келген 387 Қазақстан азаматының төртеуінен коронавирус инфекциясы анықталды: үш жолаушы Шарм эль-Шейх – Алматы рейсімен, бір жолаушы Шарм эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен келген.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті