Банк атын жамылған алаяқтар неге акцентпен сөйлейді?

Сарапшылар киберқауіпсіздік және цифрлық сауаттылық жайлы пікір білдірді

Пандемия кезіндегі шектеулерге байланысты онлайн қызмет түрлеріне сұраныс артты. Электрондық үкімет қызметтерін пайдалану үшін көп тұрғын бір-бірінен көмек сұрайды. ЭЦҚ кілті мен жеке мәліметтерін де еркін жібере салатындар бар. Алайда, оның салдары қандай?

Тиісті мемлекеттік органдар цифрлық сауаттылық қыруар жұмыс атқарғанын айтып есеп бергенмен, Қазақстанда алаяқтарға алданып жатқан тұрғындар саны күн санап көбейіп жатыр.

Соңғы 1 ай ішінде «Алаяқтық» бабы бойынша 4 мыңнан астам құқықбұзушылық тіркелді. Мемлекетке және тұрғындарға келтірілген залал сомасы - 1,8 млрд теңге. Алаяқтың арбауына түсіп, құрбаны болмас үшін не істеу керек?

Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісіне Кибер шабуылдарды зерттеу және талдау орталығының жетекші маманы Жандос Боранбай мен КАЗГЮУ Университетінің аға оқытушысы, ЕҚЫҰ (OSCE) кеңесінің сарапшысы Дана Мұхамеджанова пікір білдіріп, киберқауіпсіздік бойынша кеңесін айтты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.