$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.03.2021, 09:44
Қоғам

Бурабайда депутат Чернобыль ардагерлеріне көмектесуге уәде берді

Ауданда қалған 35 ардагердің жиырмасы мүгедек

Бурабайда депутат Чернобыль ардагерлеріне көмектесуге уәде берді

Жақында күнтізбедегі қаралы күн – Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың 35 жылдығы. 1986 жылы 30 мыңнан астам қазақстандық апат салдарын жоюға шақырылған болатын. Қазақстанның бірнеше өңірінен барған жігіттердің бүгінде бес мыңының ғана көзі тірі. Ақмола облысының Бурабай ауданында да алапат апаттың салдарын жоюға қатысқандар аз болмады.

Апат салдарын жоюға қатысқан бурабайлықтарды ұлықтау мақсатында Чернобыль мүгедектері Бурабай аудандық одағының төрағасы Виктор Лешин ардагерлерге құрмет көрсету, олардың ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын еске салу бастамасымен Бурабай аудандық мәслихатының депутаты Талғат Жапаровтың қабылдауында болды.

«Біздің ауданда 35 адам қалды, оның жиырмасы ерекше қажеттілігі бар мүгедек адамдар. Өкінішке қарай, өз міндетін адал және соңына дейін орындағандардың көпшілігі ұмытылып, проблемаларымен жалғыз қалды. Аптал азаматтар алған радиация салдарынан зейнеткерлік жасқа дейін өте аз өмір сүретіні түсінікті. Бізге медициналық тексерулерден өтуге, санаторийлерге жолдама алуға жәрдемдесу қажет, жұмысқа орналасу мәселелері де бар. Бізге заң бойынша тиесілі болса да, мемлекеттік органдармен жиі айтысуға тура келеді. Осындай атаулы дата қарсаңында апат салдарын жоюға қатысқандарды ұлықтауды жөн көрдік», - деді Виктор Лешин.

Одақ төрағасы өз идеясын аудандық мәслихат депутатына баяндап, жоспарымен таныстырды. Халық қалаулысы ардагерлердің өзекті мәселелерін ерекше бақылауға алатынына сендіріп, естелік акцияны ұйымдастыруда демеуші болып, қаржылай көмек көрсетті.

Серіктес жаңалықтары