ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2443 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Құқық қорғау органдарындағы қос азаматтығы барларды қызметінен босату керек - Сенат депутаты

Сенатор Нұрсипатов әлеуетті саладағы қос азаматтығы бар қызметкерлерді жұмыстан шығару керек деп есептейді

Коллаж: turkystan.kz

Сенат депутаты Нұржан Нұрсипатов құқық қорғау органдарындағы қос азаматтығы бар қызметкерлерді жұмыстан босату керек деп есептейді. Ол үшін мемлекеттік қызметшілердің қос азаматтығы анықталған жағдайда еңбек шарттарын бұзу сияқты заңнамаға түзетулер енгізу маңызды.

Депутат Еңбек кодексі мен «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға енгізілген түзетулер құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қолданылмайтынын атап өтті. Олардың салалық заңдарында мұндай нормалар мүлдем жоқ.

«Біздіңше, қабылданған шаралар одан әрі жүйелі және дәйекті дамытуды қажет етеді. Сонымен қатар, еліміздің құқық қорғау қызметі туралы, әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі, арнаулы мемлекеттік органдары туралы салалық заңдарда шет мемлекеттің азаматтығы қызметтен шығару үшін дербес негіз ретінде қаралмайды», - деді Нұржан Нұрсипатов.

Сенатор сонымен қатар бұл бөлімдегі заңнамалық нормалар мәселенің алдын-алуға себеп болуы керек деп санайды. Яғни, құқық қорғау органдарының қызметкерлері азаматтықтан шығу фактісі бойынша емес, олардың өздері, жұбайлары немесе жақын туыстарының осындай ниет білдірген кезден бастап өз басшылығын хабардар етуі тиіс.