16.03.2021, 10:55
Қоғам
Египеттен ПТР-анықтамасыз келген төрт жолаушыдан коронавирус анықталды
Олар 14 наурызда Нұр-Сұлтан әуежайына Шарм эль-Шейхтен ұшып келген
көрнекі сурет
15 наурызда Қазақстан аумағына Мальдив, БАӘ, Түркия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 20 халықаралық әуе рейсімен 2 450 жолаушы келді. Келген жолаушылардың 2 300-інде теріс нәтижесі көрсетілген ПТР-анықтама болса, қалған 150 ҚР азаматы тиісі анықтамасыз келген.
- Алматы әуежайына – 10 рейс (1 367 жолаушы, анықтамамен – 1 302, анықтамасыз – 65);
- Нұр-Сұлтан әуежайына – 6 рейс (531 жолаушы, анықтамамен - 500; анықтамасыз – 31);
- Ақтау әуежайына – 2 рейс (барлық 288 жолаушы анықтамамен келген);
- Қарағанды әуежайына – 1 рейс (138 жолаушы, анықтамамен - 84; анықтамасыз – 54);
- Шымкент әуежайына – 1 рейс (барлық 126 жолаушы анықтамамен келген).
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
Сондай-ақ 14 наурызда шетелден анықтамасыз келген 793 ҚР азаматының төртеуінен коронавирус анықталды. Олардың бәрі Нұр-Сұлтан әуежайына Шарм эль-Шейх (Египет) қаласынан ұшып келген.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды