ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2656 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Қазақстанда халық саны 19 млн-ға жуықтады: табиғи өсім төмендеді

2021 жылы Қазақстанда халық санағы жүреді

көрнекі фото: newtimes.kz

1 ақпанда мәліметке сәйкес, Қазақстандағы халық саны 18 897,9 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар - 11 169,7 мың (59,1%), ауылдықтар - 7 728,2 мың адам (40,9%). Бұл көрсеткіш былтырғы 1 ақпандағы жағдаймен салыстырғанда 244,4 мың адамға (1,3%) өсті. Бұл туралы мәліметті Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

2021 жылдың қаңтарында республика халқының табиғи өсімі 2020 жылғы қаңтармен салыстырғанда 821 адамға (3,6%) кеміп, 216,8 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,44 адамды құрады.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2021 жылғы қаңтарда туылғандар саны 34,2 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтарға қарағанда 0,6%-ға аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 21,17 туылғандарды құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 12,5 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтарға қарағанда 5,1% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда - 7,73.

2021 жылғы қаңтарда республикада 1 жасқа дейін шетінеген 241 (2020 жылғы қаңтарда – 306) нәресте тіркелді. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 1 жасқа дейін шетінеген нәрестелер саны 21,2% азайды. 202 1жылғы қаңтарда нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 балаға шаққанда - 7,06 (8,90).

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2021 жылғы қаңтарда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2020 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 57,8% азайып, 79 290 адамды құрады. Елімізден кеткендердің тіркелу саны 43% азайып (80 199 адам), көші-қон сальдосы - 909 адамды құрады.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен байланысты. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі 81,9% және тиісінше 84,8% құрады.