$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.03.2021, 10:26
Қоғам

Алексей Цой коронавирусқа қатысты болжамын айтты

Оптимистік сценарий бойынша сәуір айында тәулігіне 500 науқас тіркелуі мүмкін

Алексей Цой коронавирусқа қатысты болжамын айтты
Алексей Цой, фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық ахуалға қатысты болжамымен бөлісті. Министрдің айтуынша, сәуір айында оптимистік сценарий бойынша тәулігіне 500, ал пессимистік сценарий кезінде тәулігіне 1700 науқасқа дейін тіркелуі мүмкін.

Министр вакцинацияның бірінші кезеңінде иммунитеттің пайда болуына уақыт кететінін, сол себепті екпенің тиімділігі аса қатты сезілмейтінін айтты. Кейінірек вакциналаудың тиімділігі күшейіп, елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталуына әсер етеді.

Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда вакцинация жүргізу үшін 347 егу пункті жұмылдырылды, 76 188 азамат вакцина салдырған.

ДСМ жұмыс тобы 2021 жылдың соңына дейін эпидемиологиялық жағдайдың дамуына болжам жасап, бұл ретте міндетті маска режимі, әлеуметтік арақашықтық және вакцинацияны қоса алғанда, қазіргі шектеу шаралары сақталуға тиіс екенін ескертті.

Серіктес жаңалықтары