$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.03.2021, 10:15
Қоғам

ШҚО-да биылдан бастап ақылы болатын жолдар анықталды

ҚХР шекарасынан Қалбатау ауылына дейінгі жол тегін болып қала береді

ШҚО-да биылдан бастап ақылы болатын жолдар анықталды
көрнекі сурет

Қытай шекарасынан Ресей шекарасына дейін Қазақстанның шығысы арқылы өтетін М-38 жолының барлығы дерлік биыл ақылы болады. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының өкілдері ШҚО-дағы қоғамдық тыңдау барысында айтты.

Ұзындығы 464 км болатын М-38 тас жолының Павлодар – Семей – Қалбатау учаскесі биыл ақылы болады. Павлодар облысында 3, Шығыс Қазақстан облысында 8 бақылау аркасы орнатылып, тестік режимде іске қосылды.

ШҚО-дағы ақылы учаске Семей мен Шар қалалары, сондай-ақ Аққулы, Бесқарағай және Жарма аудандары арқылы өтетін жолда болады.

Бұған дейін «ҚазАвтоЖол» Павлодар – Омбы (РФ шекарасына дейін) жолы да ақылы болатынын хабарлаған еді. Ақы алудың ашық жүйесі М-38 автожолының барлық учаскесіне енгізілетін болады. ҚХР шекарасынан Қалбатау ауылына дейінгі жол тегін болып қала береді.

Павлодар – Семей – Қалбатау учаскесі ІІ техникалық санаттағы жолға жатады. Яғни, жүк көліктері үшін ғана ақылы болады.

ШҚО тұрғындары қызметтер мен азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу үшін жергілікті жүк көліктеріне, фермерлер мен коммуналдық қызмет техникаларына жеңілдік қарастыруды сұрады.

Сондай-ақ, ШҚО тұрғындары Павлодар – Семей – Қалбатау жолын 4 қозғалыс жолағына дейін кеңейтуді, бөлу жолақтары мен мал өте алмайтын қоршау орнатуды талап етті.

Серіктес жаңалықтары