Жамбыл облысында мектеп директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Байзақ ауданындағы орта мектеп директоры пара алды деген күдікке ілінді
Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлық қызметімен «Байзақ ауданының білімі бөлімінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі» ММ директорына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ол бір азаматтан мектепалды сыныбы мұғалімі лауазымынан бастауыш сынып мұғалімі ретінде ауыстырғаны және жалпы қамқорлығы үшін 90 мың теңге пара алды деген күдікке ілінде», - делінген хабарламада.
Күдіктінің және қорғаушының сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу туралы өтінішхатына және келу туралы міндеттемені алғанына байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.
Күдіктінің кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.