$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.03.2021, 16:16
Қоғам

Алматы облысында сапасыз салынған мектеп құрылысына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мектептің құрылысына 430 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған 

Алматы облысында сапасыз салынған мектеп құрылысына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысында жаңа мектепке қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. Ескелді ауданының Қаратал ауылында 2014 жылы 100 оқушыға шақталған мектеп, 25 орынға арналған шағын орталық пайдалануға берілген. Мердігерден ғимаратты әкімдік жанынан құрылған комиссия қабылдап алған. Оның құрамына түрлі басқарма басшылары мен өзге де жауапты тұлғалар кірген. Бірақ небәрі 4 жылға жетпей мектеп қирай бастаған. Ғимараттың жабылғанына бір жылдан асса да билік ешқандай шара қабылдамай келген. Аудандық прокуратура Azattyq Rýhy-ның ресми сауалына жауап бере отырып, осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Ескелді аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 278 бабы 2-бөлігі (Стандартты емес құрылыс) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Аталған іс өндірісте, тергеу жүргізіліп жатыр», - делінген жауапхатта.

Қадағалаушы орган 2018 жылы Ескелді ауданының әкімдігіне бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс жібергенін де ескертті. Қазіргі уақытта апаттық жағдайдағы мектеп жабық тұр. Спорт залдың едені шіріп, ғимараттың іргетасы шөгіп кеткендіктен қабырғалар құлаудың аз-ақ алдында тұр. Жаңадан алынған қажетті жиһаздар мен өзге де құралдар да қирап, тоза бастаған.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында жаңа салынған мектеп қирап қалды (ФОТО)

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы облысы

Серіктес жаңалықтары