09.03.2021, 10:22
Қоғам
Египет және Германиядан ұшып келген жолаушылардан коронавирус анықталды
7 наурызда мыңға жуық ҚР азаматы ПТР-анықтамасыз келген
көрнекі фото
8 наурызда Қазақстан аумағына БАӘ, Түркия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 20 халықаралық әуе рейсімен 2 565 жолаушы келді. Елге келген жолаушылардың 2 464-інде теріс нәтижесі көрсетілген ПТР-анықтама болса, қалған 101 ҚР азаматы тиісті анықтамасыз келген.
- Алматы әуежайына – 12 рейс (1 544 жолаушы, анықтамамен - 1 468, анықтамасыз – 76);
- Нұр-Сұлтан әуежайына – 4 рейс (456 жолаушы, анықтамамен - 439; анықтамасыз – 17);
- Ақтау әуежайына – 3 рейс (441 жолаушы, анықтамамен - 433; анықтамасыз – 8);
- Шымкент әуежайына – 1 рейс (барлық 124 жолаушы анықтамамен келген).
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-талдау әдісімен тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
Сондай-ақ 7 наурызда шетелден анықтамасыз келген 984 ҚР азаматының үшеуінен коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың екеуі Шарм-эль-Шейх қаласынан (Египет) Нұр-Сұлтан әуежайына, бірі Нұр-Сұлтан әуежайына Франкфурт (Германия) қаласынан ұшып келген.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 16:02
Павлодарда дәрігерлер пойыз астына түскен жас жігіттің бір аяғын кесіп алып тастады: ол бәрібір қайтыс болды
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады