$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.03.2021, 15:20
Қоғам

Жүкті келіншек шағымданған елордадағы ауруханаға жоспардан тыс тексеру жүргізілді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры көпбейінді ауруханаға қатысты шара қолданды

Жүкті келіншек шағымданған елордадағы ауруханаға жоспардан тыс тексеру жүргізілді
көрнекі сурет

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағыдар жүкті келіншектің шағымы бойынша «№2 қалалық көпбейінді аурухана» ШЖҚ РМК жоспардан тыс мониторинг жүргізгенін хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, 22 ақпанда Facebook желісінде Оксана Ермаханованың медициналық мекеме үстінен шағым түсіріп, оның жазбасы Нұр-сұлтан қаласыдағы №2 қалалық ауруханасына жоспардан тыс тексеру жүргізуге негіз болды.

Мониторинг нәтижесіне сәйке, кезекші гинеколог тексеру кезінде пациентке себептің жоқтығы үшін шұғыл емдеуге жатқызудан бас тартылғаны анықталды.

Сонымен қатар, пациент медициналық көмекке жүгінген кезде сақтандырылу мәртебесіне қарамастан шұғыл емдеуге жатқызу үшін негіз болатын жай-күйіне қатысты шағымданған.

«Шағым негізді» деп танылды. Қор №2 қалалық көпбейінді ауруханаға қатысты экономикалық ықпал ету шараларын қолданды. Қор әрқашан ТМККК шеңберінде, МӘМС бойынша пациенттердің медициналық көмек бойынша құқығын қорғауға дайын», - делінген Қор хабарламасында.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі сапасыз медициналық қызмет көрсету немесе бас тарту фактілері болған жағдайда 1406 байланыс орталығы немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы хабарлауға шақырды.

Серіктес жаңалықтары