ШұғылКоронавирус вакцинасын салдырған қазақстандықтар саны 700 мыңға жуықтады

Наурыз, сәуір айларында қанша адам коронавирус жұқтыруы мүмкін? ДСМ өкілі болжамын айтты

Наурыз айында мереке көп: коронавирус жұқтыру көрсеткіші күрт өсуі мүмкін

Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері елдегі эпидемиологиялық ахуалдың жай-күйін айтты. Қазақстанда «жасыл» аймаққа енбеген әлі бірнеше өңір бар. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі мәлім болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Коронавирус жұқтыру көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 980,5 құрады. Атырау, Шығыс қазақстан, СҚО, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында аурудың таралу деңгейі орташа көрсеткіштен жоғары. Өлім 100 мың тұрғынға шаққанда 14,8 құрады. ШҚО, БҚО, Қарағанды және Атырау облыстарында, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында республикалық орташа көрсеткіштен жоғары», - деді вице-министр Ажар Ғиният.

Сонымен қатар, елімізде вакцинациялау жұмысы жоспарлы түрде жалғасып жатыр. 1 сәуірден бастап коронавирусқа қарсы вакцина педагогтерге да салына бастады.

«Батыс Қазақстаннан басқа өңірлердің барлығына вакцина жеткізілді. Медициналық қызметкерлерді вакциянациялау әлі де жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, педагогтерге коронавирусқа қарсы екпе салу жұмыстары басталды. Бүгінде 458 оқытушы вакцина салдырып үлгерді», - деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағабетова.

Жалпы, бүгінге дейін барлығы 22 мың адам вакцина алып үлгерген екен. Ал 70 адам өз еркімен екпеден бас тартқан.

Брифинг барысында Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов наурыз бен сәуір айларында коронавирус жұқтыру көрсеткішіне қатысты болжамын айтты.

«Жалпы, ақпан айындағы тенденцияға қарап, 15-20 мың науқас КВИ жұқтыруы мүмкін деп болжап отырмыз. Наурыз айында көптеген мереке бар. Естеріңізде болса, Жаңа жылдан кейін екі апта өткен соң науқастар саны күрт артты. Сондықтан, халықты санитарлық талаптарды сақтауға шақырамыз», - деді Марат Шоранов.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан