ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2656 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Тұрмысы төмен отбасылар автоматты түрде анықталады – Еңбек министрлігі

Бұл - азаматтардың әлеуметтік жағдайының нашарлауына болжам жасауға мүмкіндік береді 

Бұдан былай әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар автоматты түрде анықталады. Еңбек министрлігінің цифрландыру жүйесіне көшуі атқарушы органға осындай мүмкіндік бермек. Бұл туралы вице-министр Ербол Оспанов ОКҚ-да өткен брифингте мәлім етті.

Білім беру, экономикалық жағдай, денсаулық, сондай-ақ тұрғын үй және әлеуметтік күнкөріс сынды түрлі бағыттарды қамтитын деректер мемлекеттік органдардың интеграцияланған жүйелері негізінде жинақталады.

«Біз отбасының цифрлық картасын жасау бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Жоба өмірлік жағдайы қиын отбасыларды автоматты түрде анықтауға бағытталған. Бұл - қолжетімді индикаторлар арқылы отбасының әлеуметтік жағдайының нашарлауына болжам жасауға мүмкіндік береді», – деп айтты Ербол Оспанов. 

Сонымен қатар, Оспанов Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінің (e-HR) қолданыс аясына да тоқталып өтті.

«Осының арқасында жұмысқа орналастыру жеңілдейді және ашықтық жоғарылайды, азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізіледі, кадрлық іс жүргізу автоматтандырылады. Жүйе электрондық жеке істі қалыптастыруға және еңбек ресурстарына қажеттілікті болжауға қабілетті. Бүгінгі таңда 3,9 млн келісімшарт тіркеліп, оған 150 мың ұйым қосылды, бұл барлық жұмыс істейтіндердің 70%-ын құрайды», – деп толықтырды Ербол Оспанов.

Өз баяндамасында вице-министр бүгінде әлеуметтік-еңбек саласында 44 қызмет түрі көрсетілетінін, оның ішінде 40 қызмет (91%) электрондық форматта ұсынылатынын хабарлады.

«2020 жылдың қорытындысы бойынша 12,4 млн қызмет көрсетілді, оның ішінде 7,8 млн қызмет электрондық түрде көрсетілген. Осы жылы автоматтандырылған қызметтердің үлесін 93% - ға дейін жеткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан», – деді вице-министр.

 Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан