03.03.2021, 10:07
Қоғам
Алименттен қашқан Нұр-Сұлтан тұрғыны Cadillac көлігінен айырылды
Оның берешегі 3 361 869 теңгеге жеткен
Фото: ашық дереккөзден
Нұр-Сұлтан тұрғыны алимент төлемегені үшін Cadillac Escalade көлігін беруге мәжбүр болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы берген (ЖСО) деректер бойынша, ер адам 6 атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып танылған.
«2006 жылы шыққан Cadillac Escalade 5 135 000 теңгеге сатылды. Оның ішінде 3 361 869 теңге алимент бойынша берешекті өтеуге бағытталды. 847 160 теңге көлік салығын өндіріп алуға, сондай-ақ жалпы сомасы 29 040 теңгеге үш әкімшілік айыппұл өндіріп алынды», - деп атап өтті баспасөз қызметі.
Айта кету керек, қалған қаражат борышкердің шотына аударылды.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды