ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте тағы 245 науқас тіркелді

Азық-түлік бағасы бір жылда 9,7% өсті

Бұл туралы Статистика комитеті хабарлайды

Елімізде азық-түлік тауарларының бағасы бір жылда (2018 жылдың қарашасынан 2019 жылдың қарашасына дейін) 9,7% өсті.

«Нан өнімдері және жармалар, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және тоңмай, кондитерлік өнімдер, жаңа жиналған көкөністер мен жемістер, алкогольсіз сусындар және алкогольді ішімдіктер қымбаттады», - дейді Статистика комитетінің ресми сайтында.

Азық-түлік арасында тек қант бағасы ғана арзандаған.

2019 жылдың қарашасындағы жағдай бойынша 1 келі қарақұмық жармасының бағасы 300 теңге (2018 жылғы қарашада – 248 теңге), сұлы жармасы – 350 теңгені (322 теңге), сөк – 370 теңгені (230 теңге), күріш 385 теңгені (317 теңге) құрады.

Құмшекердің орташа бағасы былтыр 244 теңге болса, биыл 199 теңгеге дейін арзандаған.  

Сүт өнімдеріне келетін болсақ, бір келі сүзбе 1592 теңге (2018 жылы – 1592 теңге), айран – 293 теңге (284 теңге), пастерленген сүт – 250 теңге (225 теңге) болған.

‡àãðóçêà...
Сұхбат
Бүгінге дейін ауылға көшу акциясына 4000 адамнан өтініш түcкен
Оның айтуынша, аралдан баспана алатындар саны жыл сайын артып келеді
Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ даласынан 1,3 млн жауынгер аттанған