ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2,4 мың адамнан коронавирус анықталды

90 млн теңге: Өскеменде көпестің көне үйі сатылымға қойылды

Ғимараттың жалпы ауданы шамамен 500 шаршы метрді құрайды

Krisha.kz сайтында Өскемендегі тарихи үй сатуға қойылды. Чехов көшесінде орналасқан үй 19-ғасырдың соңы мен 20-ғасырдың басында өмір сүрген көпес, алтын өндіруші Андрей Меновщиковке тиесілі болған, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Нысанды сатылымға шығарған тұлғалар оған 90 миллион теңге сұраған.

Ғимараттың жалпы ауданы шамамен 500 шаршы метрді құрайды. Ішінде кеңселер бар.

«Тарихи және мәдениет ескерткіштерінің тізімінде ғимарат «шарап қоймасы бар үй» деп көрсетілген. Құрылыс кезеңі - ХХ ғасырдың басы. Материалы - кірпіш. Бірінші қабатта орналасқан бұрынғы шарап қоймасын қазір мейрамхана алып жатыр», - деп жазады басылым.

Ғимаратта тек кезекті жөндеу жұмыстарын жүргізуге ғана рұқсат етілген, ал оны бұзып, қайта тұрғызуға тыйым салынады.