ШұғылКоронавирус пен КВИ пневмониясынан қайтыс болғандардың саны жарияланды

Нұр-Сұлтанда 2020 жылы тіркелген қылмыстар саны 30%-ға азайды

Бейнекамералар заңсыз әрекеттерді анықтап, алдын алу үшін үздіксіз мониторинг жүргізеді

 

Жыл өткен сайын қарқынды түрде дамып жатқан ел астанасында қауіпсіздікті, оның ішінде цифрландырудағы қауіпсіздік бағытына негізгі басымдық беріліп отыр. Осы мақсатта «Қауіпсіз қала» жобасы іске асырылуда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобаны іске асырудың алғашқы қадамдары «Қауіпсіз аула» пилоттық жобасы болып саналады. Жоба аясында тәртіпті бақылау үшін көппәтерлі аулаларда бейнебақылау камераларын орнату ісіне басымдық беріледі. Бейнекамералар заңсыз әрекеттерді анықтап, алдын алу үшін үздіксіз мониторинг жүргізеді. Бейнебақылау камераларының негізгі функционалдық мүмкіндіктері – бейнетіркеу, деректерді өңдеудің интеграцияланған жүйесі, сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету. Олардың бәрі түрлі жағдайларда жүйенің тиімді жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Жолдардағы қауіпсіздік бойынша зияткерлік көлік жүйесі толығымен енгізілді. Соның арқасында елорда жолдары еліміздегі ең қауіпсіз жолдардың біріне айналып отыр.

«Үздіксіз мониторинг жүргізу үшін арнайы жүйелерді пайдалану – ішкі өзара іс-қимылды жақсартуға мүмкіндік берді. Қазірдің өзінде жобаның оң әсері байқалады. Статистика бойынша 2020 жылы тіркелген қылмыстар саны 30%-ға азайды», - делінген хабарламада.