$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.02.2021, 21:17
Қоғам

Президент павлодарлық оқушыға шахмат сыйлады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыйлығын 10 жасар балаға облыс әкімі табыстады

Президент павлодарлық оқушыға шахмат сыйлады

Екі апта бұрын Ертіс ауданынан келген 10 жасар Мансұр Баймұса Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, шахмат пен ағылшын тіліне деген қызығушылығы туралы айтып берген болатын, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының жауабын оған Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов тапсырды.

«Айналайын, Мансұр! Сенің хатыңды ықыласпен оқып шықтым. Маған жолдаған ақ тілегіңді шынайы ризашылықпен қабылдадым. Шахматпен айналысып, ағылшын тілін де меңгеріп жүрсің, жарайсың. Елімізде өзің сияқты зерек әрі үлгілі балалар болсын деп тілеймін. Келешекте өз ісінің маманы болып, Отанымызға адал қызмет ететіңіне кәміл сенемін. Ата-анаңа менің сәлемімді жеткіз. Арманың әрдайым асқақ болсын, Мансұр.
Құрметпен, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев», - деп ол Президенттің жауабын оқып берді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыйлаған шахмат Мансұрға тапсырылды.     

 
Серіктес жаңалықтары