$ 518.37  609.97  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.12.2019, 14:51
Қоғам

«Болашақ» стипендиясының иегерлері белгілі болды

Мемлекеттік бағдарлама бойынша шетелде білім алуға биыл 234 үміткер қол жеткізген

«Болашақ» стипендиясының иегерлері белгілі болды

«Болашақ» стипендиясының иегерлерінің аты-жөні жария болды, деп жазады Azattyq Rýhy  «Халықаралық бағдарламалар орталығының» хабарламасына сілтеме жасап.

Орталықтың Facebook желісіндегі парақшасында хабарланғандай, мемлекеттік бағдарлама бойынша шетелде білім алуға биыл 234 үміткер қол жеткізген. Жеңімпаздар тізімін мына сілтемеден көруге болады.

«Шетелде мамандар даярлау бойынша республикалық комиссия отырысының шешімі бойынша 234 үміткерге «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Стипендия иегері атанғандар шетелдік жоғары оқу орындарында магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша білім алады. Сондай-ақ, әлемдік ғылыми және өндірістік орталықтарға тағылымдама бойынша да жіберілетін болады», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары