Ақтөбе облысында ауа райына байланысты жолдардың бір бөлігі жабылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты облыстық маңызы бар тасжолдардың кейбір бөлігі жабылды
Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдардың кей бөлігі жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«1 желтоқсанда сағат 13:00-ден бастап Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар, жаңбыр, көктайғақ) облыстық маңызы бар тасжолдардың кейбір бөлігі жабылды: Барлық автокөлік түрлері үшін «Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль Илецк» (0-265 шақырым, Шұбарқұдық кентінен Қобда кентіне дейінгі аралық) тасжолы және «Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық» (17-190 шақырым, Сазды кентінен Шұбарқұдық кентіне дейінгі аралық) тасжолында қозғалыс шектелді», - делінген ТЖК хабарламасында.
Бұдан бөлек, бүгін өңірде сағат 14:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар аралас жаңбыр, көктайғақ) «Самара-Шымкент» тас жолының (710-615 шақырым аралығы, Ақтөбе қаласынан Қобда кентіне дейін) учаскесінде жүк және жолаушылар көлігіне жолға шығуға тыйым салынды.