$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.12.2019, 16:42
Қоғам

Тұңғыш Президент күні: Атырауда екі балабақша ашылды

Мұнай астанасының қарқынды дамып келе жатқан екі ауданының тұрғындары бұл шараны асыға күткен болатын

Тұңғыш Президент күні: Атырауда екі балабақша ашылды

Атырау қаласында демеушілік қаражат есебінен екі балабақша салынып пайдалануға берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Еркінқала ауылында және «Нұрсая» ықшамауданында 290 және 320 орындық екі жаңа балабақша ашылды.

Мұнай астанасының қарқынды дамып келе жатқан екі ауданының тұрғындары бұл шараны асыға күткен болатын. Балабақшалар 1,5 жастан 7 жасқа дейінгі сәбилерге арналған.

Барлық қажетті жабдықтар мен медициналық кабинеті бар балабақшаларда бүлдіршіндердің түрлі үйірмелерге қатысып, спортпен айналысуына мүмкіндік жасалған.

Тағы бір айта кетерлігі, екі балабақшада да ерекше күтімді қажет ететін балаларды тәрбиелеуге арналған топтар бар.

«1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында ашылған балабақша ғимараты - кішкентай бүлдіршіндерімізге саналы тәрбие беретін қасиетті білім ұясына айналатынына сенемін. Өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың және өңірдегі мұнай иегеруші компаниялардың қолдауымен аймақта балабақша және әлеуметтік нысандардың жетіспеушілік мәселелері шешімін табуда», – деді балабақшаның ашылу салтанатына қатысқан Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы.

Серіктес жаңалықтары