ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Созақ ауданының 101 жастағы тұрғынына жаңа жеке куәлік берілді

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құжат рәсімдеуіне арнайы мобильдік топ көмек көрсетуде

Түркістан облысының тұрғыны жүз бір жасында жаңа жеке куәлігін алды, деп хабарлайды Polisia.kz.

 Созақ АПБ-нің полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындар, соның ішінде қарттарға, ҰОС ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін құжат жасауды оңайлату шараларын қолға алған. Осы мақсатта Созақ АПБ-нің қызметкерлерінен құрылған мобильдік топ халық арасында сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, жеке куәлігінің мерзімі өткен, бір ғасыр жасаған әжені анықтады. Содан кейін ақ жаулықты ананы шаршатпастан қажетті құжаттарын жинақтап, фото-бейнеге түсірді.

«Осылайша, Созақ ауданының тұрғыны Сырғакүл Керімбековаға жеке куәлігін қайта жасап беруге көмек беріліп, дайын құжаты табысталды. Өз кезегінде 101 жасқа келген кейуананың куанышында шек болмады. Ол полиция қызметкерлеріне және оларды басқарып отырған басшыларына аналық алғысын жаудырды. Жұмыстарына табыс тілеп, шынайы ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді», - делінген хабарламада.

Жалпы, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес Түркістан облысы Полиция департаментінде құжаттанбаған немесе КСРО құжатымен қалып қойғандарға, егде жастағы жүріп-тұруы қиын қарияларға құжат рәсімдеу мақсатында көші-қон қызметкерлерінен арнайы мобильдік топтар құрылып, қарқынды жұмыс жүргізуде. Ең басты мақсат – халыққа қолайлы қызмет ұсыну болып табылады.