Инвестициялық қаражатты басқаруға арналған басқарушы компаниялардың 6-уы талапқа сай келеді
Биыл қаңтардан бастап азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емделуге ақы төлеу үшін ғана емес, сондай-ақ, басқарушы компанияларға (инвестициялық портфельді басқарушы – ИПБ) инвестициялық басқаруға беру үшін де пайдалану құқығын беретін заңнамалық нормалар күшіне енді. Бұл туралы БЖЗҚ-ның баспасөз қызметі хабарлайды.
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі:
Салымшы сондай-ақ, қолданыстағы ИПБ тізбесімен және олар ұсынатын инвестициялық декларациялармен БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтында таныса алады.
Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін:
ИПБ тарапынан:
1) уәкілетті орган - Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкестігі;
2) ИПБ уәкілетті органдар тізіліміне енгізілуі;
3) БЖЗҚ мен ИПБ арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттың болуы;
4) БЖЗҚ, ИПБ және кастодиан-банк арасында жасалған кастодиандық шарттың болуы керек.
салымшы тарапынан:
1) салымшының БЖЗҚ-ға берген ИПБ таңдау туралы жазбаша өтінішінің болуы;
2) салымшының БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотында ИПБ-ға беру үшін жеткілікті қаражаттың болуы тиіс.
Салымшының зейнетақы жинақтары ИПБ басқаруына:
Зейнетақы жинақтарын бір немесе бірнеше ИПБ-ға аудару үшін салымшы БЖЗҚ-ға өтінішпен жүгінуі қажет. Өтініш БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы немесе БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне өзі келіп, өтініш білдіргенде берілуі мүмкін.
БЖЗҚ жеткіліктілік сомасынан асатын зейнетақы жинақтарының бір бөлігін салымшыдан өтініш келіп түскен күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аударуды жүзеге асырады. Салымшының зейнетақы жинақтарының қалған бөлігі Ұлттық банктің басқаруында қала береді.
ИПБ-ның инвестициялық басқаруына берілген зейнетақы жинақтары біржолғы зейнетақы төлемдері түріне жатпайды (тұрғын үй жағдайларын жақсарту және/немесе емделу мақсаттарына алынған жағдайдағыдай) және оларға ИПБ-ға аударған кезде жеке табыс салығы салынбайды.
БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін ИПБ оларды Ұлттық банк басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген және ИПБ инвестициялық декларациясында көзделген, яғни рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды.
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес, ИПБ инвестициялық басқарғаны үшін комиссиялық сыйақы алуға құқылы. ИПБ сыйақысының шекті шамасы алынған инвестициялық табыстың 7,5% - ынан аспауы керек. Комиссиялық сыйақының нақты шамасын жыл сайын ИПБ-ның басқарушы органы бекітетін болады және ол жылына көп дегенде бір рет өзгеруі мүмкін.
Зейнетақы активтерін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына алғаш бергеннен кейін салымшы:
Салымшы зейнет жасына жеткенге дейін күнтізбелік 10 күн бұрын салымшының зейнетақы жинақтары Ұлттық банктің инвестициялық басқаруына қайтарылады.
Зейнетақы жинақтары Ұлттық банктің басқаруында болған кезеңде салымшы зейнет жасына жеткенге дейін инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік қолданылады. Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аударған кезде мемлекет кепілдігі басқарушы компанияның зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігімен ауыстырылады. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі нарықта әрекет ететін ИПБ-ның басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігінен есептелетін болады. Зейнетақы активтері бойынша ең төменгі кірістілік және орташа алынған кірістілік көрсеткіштері туралы ақпарат ай сайын жарияланады.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі инвестициялық портфельді басқарушыларға қатысты бекіткен талаптарға нарықта жұмыс істейтін және басқарушы компаниялар агенттігінің лицензияларына ие 18 компанияның алтауы сәйкес келеді: