ШұғылЕлордада Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Қазақстандағы халық санағы сауалнамасына вакцинация жайлы сұрақ енгізілгені рас па?

Қазнетте тағы бір ақпарат тарады

Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Қазақстандықтар мессенджерде халық санағы коронавирус вакцинасынан бас тартқандарды есептеу және оларды күшпен егу үшін қажет деген теорияны алға тартты. Шын мәнінде, халық санағы пандемияға дейін жоспарланып қойған және онымен ешқандай байланысы жоқ.

Қазақстанда халық санағы 10 жылда бір рет өткізіледі. Алғаш рет ол 1999 жылы 25 ақпаннан 4 наурыз аралығында ұйымдастырылған. Содан кейін 2009 жылы ақпан айында өтті.

Келесі халық санағы 2019 жылға белгінген болатын, бірақ өзгерістерге байланысты ол кейінге қалдырылды. Бұл жолы еліміздің барлық азаматтарын есепке алу үшін цифрлық технологияларды пайдалану және сауалнамалардағы сұрақтар тізімін кеңейту туралы шешім қабылданды. Оған елден көшу жоспары, балалардың туған күні және басқа да қосымша деректер енгізілді.

Халық санағы 2020 жылғы 1-30 қазаны аралығында өтуге тиіс болатын. Бірақ пандемияға байланысты тағы да кейінге қалдырылып, 2021 жылға ауыстырылды. Енді қазан айында өтеді. 1-15 қазан аралығында қазақстандықтар sanaq.gov.kz сайтындағы онлайн-сауалнамаға қатыса алады. Сонымен қатар, 1-30 қазанда халық арасында офлайн режимде жаппай сауалнама жүргізіледі.

StopFake порталы санақ сауалнамасына вакцинация туралы сұрақтар енгізілетіні туралы еш жерде хабарланбағанын айтты. Ал, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәжбүрлі вакцинация туралы қауесетті жоққа шығарды.