Журналист Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті
Ол 1952 жылы Алматы облысында дүниеге келген
Бүгін таңертең 70 жасқа қараған шағында Қазақ телевизиясында 45 жыл қызмет атқарған журналистика ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті. Бұл туралы Qazaqstan телеарнасының баспасөз қызметі хабарлады.
Нұртілеу Иманғалиұлы «Құрдастар», «Жастар дауысы», «Арай», «Жадыңда ма, жолдас», «Айна», «Жас жігер», «Бетпе-бет», «Қолтаңба», «Діңгек», «Көршілер», «Заң сөйлесін», «Nur-Tiley» авторлық бағдарламалары арқылы қалың көрермен есінде қалды.
Н.Иманғалиұлы 2006-2007 жылдары – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ басқарма бөрағасы, одан кейінгі жылдары «Қазақстан РТРК» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарды. Соңында ізбасар шәкірттер тәрбиеледі.
«Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұжымы Нұртілеу Иманғалиұлының жақындары мен туған-туыстарына қайығырып көңіл айтады. Бүгін Ұлттық арна эфирінен естелік хабарлар мен арнайы жобалар беріледі.