13.02.2021, 02:12
Қоғам
Қазақстан халқының саны 19 млн-ға жуықтады
Бір жылда халық саны 245,0 мың адамға немесе 1,3% көбейді
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстан халқының саны бір жылда 245 мың адамға көбейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанда халық саны 2021 жылдың 1 қаңтарындағы есептеулер бойынша 18877,1 мың адамды құрады. Оның ішінде қала тұрғындары – 11149,7 мың адам (59,1%), ауыл тұрғындарының саны – 7727,4 мың адам (40,9%).

2020 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда халық саны 245,0 мың адамға немесе 1,3% көбейді. Бұл кезеңде ең көп жалпы өсім үш аймақта: Алматы қаласында (60,2 мың адам), Нұр-Сұлтан қаласында (48,5 мың адам) және Шымкентте (38,0 мың адам) айтарлықтай байқалды.

Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді