$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.02.2021, 16:03
Қоғам

Абайдың «Қара сөздері» абақтыдағы азаматтың дүниетанымын өзгертті

Дмитрий Ақмола облысы бойынша ҚАЖД-ның орташа қауіпсіздік мекемесінде ауыр қылмысы үшін жазасын өтеп жатыр

Абайдың «Қара сөздері» абақтыдағы азаматтың дүниетанымын өзгертті

Абай Құнанбаевтың шығармашылығы ақмолалық сотталған азаматтың өмірлік құндылықтарының өзгеріне түрткі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 716.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Сотталған Дмитрий есімді азамат Ақмола облысы бойынша ҚАЖД-ның орташа қауіпсіздік мекемесінде ауыр қылмысы үшін жазасын өтеп жатыр.

«Алда әлі өтейтін 5 жыл мерзімім бар. Әзірге жазамның бір жылын ғана өтедім. Осы аралықта мен біраз қиындық көрдім. Әйеліммен ажырастым. Ұлым әкесіз қалғанын және анамның көз жасы төгілгенін түсіндім. Алғашқыда мұның барлығы үлкен соққы болды. Мен бәрін жоғалтып алғандай болдым. Оларды енді кері қайтара алмайтындай күй кештім. Мекеме әкімшілігі менің жағдайымды байқап, оқу іс-шараларына қатысуға тарта бастады. Тұрақты түрде психологқа әңгімелесуге жіберіп отырды. Сондай әңгімелердің бірінде психолог маған мекеменің кітапханасына барып, әдеби шығармалармен танысуға кеңес берді», - дейді Дмитрий.

Жазасын өтеуші біраз уақытқа дейін кітапхана барудан бас тартқан. Дегенмен Дмитрий ақыры қолына кітап алып, әдебиет әлемімен жақынырақ танысқанын айтады.

«Колония кітапханасында үлкен таңдау бар, оқуға болатын нәрсе көп. Менің көзіме бірден Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері» кітабы түсті. Мен Абай туралы бұрын-соңды көп естігенмін. Бірақ ешқашан философиялық ойларына да, поэзиясына да мән бермегенмін. Маған қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбаевтың 45 қысқа астарлы әңгімесі мен философиялық трактаттарынан тұратын туындысы ой-санама ерекше әсер етті. Ондағы дүниетаным, мораль және құқық мәселелерін бірнеше рет қайталап оқып шықтым», - деді сотталушы.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары