$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.02.2021, 15:27
Қоғам

Былтыр халық саны қай өңірлердің есебінен көбірек өсті?

2021 жылы Қазақстанда халық санағы жүреді

Былтыр халық саны қай өңірлердің есебінен көбірек өсті?
көрнекі фото: newtimes.kz

2021 жылғы 1 қаңтарға еліміздегі халық саны 18 млн 877 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 11 млн 149 мың (59,1%), ауылдықтар – 7 млн 727 мың адамды (40,9%) құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының ресми сайтында жарияланды.

2020 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда халық саны 245,0 мың адамға немесе 1,3% өсті. Осы кезеңде еліміздің 3 өңірінде өсім жоғары болды: Алматы (60,2 мың адам), Нұр-Сұлтан (48,5 мың адам) және Шымкент (38,0 мың адам) қалаларында қалыптасты.

Еске сала кетейік, биыл Қазақстанда халық санағы жүреді. Ұлттық халық санағын жүргізу жөніндегі арнайы комиссиясының бірінші отырысында санақ сапалы жүру үшін 2021 жылдың 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейінгі аралықта әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру, тарату және қайта құру, елді мекендердің құрамдас бөліктерінің атауын өзгерту бойынша ұсыныстарға мораторий енгізу қажеттілігін қарастырды

Серіктес жаңалықтары