ШұғылЕлімізде коронавирустан жазылғандар саны 196 мыңнан асты

Сарыағаш ауданында биыл бес жаңа мектеп ашылады

Жалпы ауданда барлығы 80 мектеп бар

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында үш ауысымды мектептердің мәселесін болдырмау мақсатында өткен жылы 5 мектептің құрылысы басталған болатын, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған құрылыс нысандары 2021 жылы аяқталмақ. Мектеп ғимараттарын күрделі жөндеу жұмыстары былтыр екі мектепте жүргізілген болса, биыл  екі  мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

«Былтыр жаңадан 4 мектеп салу үшін жалпы сметалық құжат әзірленген болса, биыл тағы 2 жаңа мектептің құжаттары әзірленетін болады. Былтыр күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 12 мектепке сметалық құжаттар дайындалған болса,  биыл қосымша  төрт мектепке сметалық құжаттар дайындау жоспарланып отыр.  Сондай-ақ, осы жылы қосымша 4 мектептің  жылу жүйесі газга ауыстырылады.  Және тағы екі  мектептің ЖСҚ-ы әзірленетін болады», - делінген әкімдік хабарламасында.

Жалпы ауданда барлығы 80 мектеп бар. Оның 66-ы типтік, 14-і ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Бұдан басқа, ауданда 220 мектепке дейінгі мекемелер бар. Оның 16-сы мемлекеттік балабақша, қалғаны жекеменшік.

Мектепке дейінгі мекемелерде 25 мыңнан астам бала тәрбиеленіп, 3-6 жастағы балалардың балабақшамен қамтылуы толық шешілген.