ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Наурыз мейрамына орай бұқаралық іс-шаралар өткізуге болмайды – вице-министр

Наурызда қосымша шектеу шараларын енгізу өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады

 

Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері Наурыз мейрамын отбасымен қарсы алуға кеңес береді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мереке кезінде ел тұрғындары санитарлық ережелерді ұстанып, бетперде тағып, арақашықтықты сақтап, көп адам жиналатын жерге бармағаны жөн. Ведомство өкілдері жаңажылдық мерекелерден кейін ауру күшейіп кеткенін еске салып өтті. Қазір ауру жұқтыру жағдайлары біршама толастап, бәсеңдеді.

«Бүкіл дүниежүзінде эпидемиологиялық жағдай қиын болып тұр. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, барлық бұқаралық іс-шараларға тыйым салынған. Наурызда қосымша шектеу шараларын енгізу өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Әр өңірдің бас санитарлық дәрігері қаулы шығарады. Бәрі қалыпты болса, жұмысымызды осы қалыпта жалғастырамыз. Бірақ бұқаралық шаралар өткізілмейді. Әркім өз отбасында өткізуі керек», - деді ДСМ вице-министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.