$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.02.2021, 17:54
Қоғам

Елордада 2 мыңнан астам адам жинап, ұтыс ұйымдастырғандарға қанша айыппұл салынды?

Олар әкімшілік жауапқа тартылды

Елордада 2 мыңнан астам адам жинап, ұтыс ұйымдастырғандарға қанша айыппұл салынды?

Елордада бір топ халықтың жиналуына себеп болған ұтыс ойынының ұйымдастырушылары әкімшілік жазаға тартылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

7 ақпан күні сағат түскі 13:00 шамасында бейнебақылау инспекторлары Romantik дүкенінің жанында көлік пен адамдардың көп жиналғанын байқаған. Артынша мән-жайдың себебі анықталды.

«Тексеру барысында ЖШС құрылтайшылары Мәңгілік Ел даңғылындағы Romantik гүл сататын орталықтың ашылу салтанатына орай бірқатар жүлде тағайындап, соның ішінде Volkswagen Polo маркалы автомобильді ұтысқа тігіп, елордалықтарды жаппай қатысуға шақырғаны белгілі болды», - делінген хабарламада..

Полиция қызметкерлері іс-шараны тоқтатып, жиналған жұртты таратқан. Ал ұйымдастырушы тұлғалардан жауап алу үшін Есіл аудандық полиция бөлімшесіне жеткізген.

«Іс-шараны ұйымдастырушылар Әкімшілік кодекстің 434-1 б.1 б. (жеке тұлғалардың спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларда жүріс-тұрыс қағидаларын бұзуы) бойынша 20 АЕК мөлшерінде айыппұлмен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, ЖШС Әкімшілік кодекстің 505-бабы 1-бөлігі (абаттандыру ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, карантиндік режимді бұзу бойынша жиналған материал Әкімшілік кодекстің 425-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тарту үшін тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді», - деп нақтылады баспасөз қызметі.

Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі карантин талаптарын бұзған ұйымдастырушыларға тағайындалған айыппұл көлемін мәлімдеді.

«Қазір кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тексеру нәтижелері туралы акт дайындалды. Әкімшілік кодекстің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту жөніндегі хаттама әзірленіп жатыр. Дүкен иесіне 230 АЕК көлемінде айыппұл белгіленді», - деді комитеттің ресми өкілі өкілі Ержан Байтанаев.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары